ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2021 жылғы 26 шілдедегі  № 205ө-ж/қ өкімімен

Джолдасбаев Кайрат Рахимбаевич Жамбыл облысы  Қордай ауданы Степной  ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  болып тағайындалды.

Джолдасбаев Кайрат Рахимбаевич 1964 жылы 11 маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданы Славное ауылында дүниеге келген.

Ұлты — қазақ.

Білімі — жоғары.

1992 жылы Троиц ветеринарлық институтын «зоотехник» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1981 жылы Георгиевский совхозының 3-ші бөлімшесінде жұмысшы қызметінен бастаған.

1982-1986 жылдары Георгиевский совхозының 3-ші бөлімшесінде есепке алушы,  Қордай автокәсіпорнында 3 сыныпты көлік жүргізуші,  Георгиевский халықаралық тасымалдау автокөлік кәсіпорнында 3 сыныпты көлік жүргізуші, 1990-1994 жылдары Талапты совхозында зоотехник-селекционер, Георгиевка совхозының мал шаруашылығының сүт-тауарлы цехында зертханашы, бригадир, 2004-2021 жылдар аралығында «Карбоз» шаруа қожалығының басшысы қызметтерін атқарған.

Үйленген, 6 бала тәрбиелеуде.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.