ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 10 тамыздағы №228 ө-ж/қ өкімімен Бақаев Жұлдызбек Төленұлы Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Бақаев Жұлдызбек Төленұлы 1985 жылы  Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген.

Ұлты — қазақ.

Білімі — жоғары. 2010 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2011-2013 жылдары «Калпаков» жеке кәсіпкерлігінде директордың орынбасары болып бастаған.

2013-2016 жылдары «Калпаков» жеке кәсіпкерлігінің директоры, 2016-2021 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.

Үйленген, 5 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.