ТАҒАЙЫНДАУ

0

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 14 наурыздағы №28 ө-ж/қ өкімімен Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып КАСПАКБАЕВ АДЛЕТ
МЕДЕЛЬБЕКОВИЧ тағайындалды.

Каспакбаев Адлет Медельбекович 1986 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары.
2009 жылы Алматы экономикалық және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы, 2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2008 жылы №14 орта мектебінде есепші болып бастаған.
2011-2013 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінде есепші, 2013-2019 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі, 2019-2020 жылдары Қордай ауданы Степной ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қордай ауданы Алға ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2020 — 2021 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы, Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары, Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.