ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің
2023 жылғы 17 мамырдағы
№ 50 ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімінің орынбасары болып
САХАТОВ БАҚЫТ ОҢЛАСЫНҰЛЫ тағайындалды.

Сахатов Бақыт Оңласынұлы, 1981 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ.
Білімі-жоғары.
2006 жылы Мәскеу кәсіпкерлік және құқық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2003 жылы Республикалық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалының аға маманы болып бастаған.
2005-2014 жылдары Республикалық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай ауданы бөлімінің сектор меңгерушісі, 2011-2014 жылдары Республикалық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай ауданы бөлімінің маманы, 2014-2017 жылдары Қордай ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры, 2017-2023 жылдары Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің әкімі болып қызметтер атқарған.
Үйленген, 7 бала тәрбиелеуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.