ТАҒАЙЫНДАУ

0

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының 2021 жылғы 31 мамырдағы №84 jk  бұйрығымен  Күзербаев Мырзағали Ыстыбайұлы «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Күзербаев Мырзағали Ыстыбайұлы 1960 жылы 5 қазанда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Еспе станциясында дүниеге келген.

Ұлты қазақ, білімі жоғары.

1982 жылы Қазақтың Қызыл Ту Орденді ауылшаруашылық институтын «ғалым агроном», 2005 жылы М.Тынышпаев атындағы транспорт және коммуникация академиясын «инженер-экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Жамбыл облыстық өсімдік қорғау станциясында агроном болып бастаған.

1984 жылы Красногор аудандық ауыл-шаруашылық басқар-масында аға агроном, 1984-1985 жылдары Красногор аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, 1985-1987 жылдары Жамбыл облыстық комсомол комитетінде нұсқаушы, 1987-1991 жылдары Мер-кі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1991 жылы Меркі аудандық коммунистік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің м.а., Меркі аудандық социалистік партиясының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, 1991-1992 жылдары Меркі аудандық социалистік партиясының хатшысы, 1992-1994 жылдары Меркі аудандық ауылшаруашылық кешенінің кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары, 1994-1995 жылдары Меркі аудандық мәслихатының кеңесшісі, 1996 жылы Алматы қаласындағы «Зенека» фирмасының кеңесшісі, 1996-1997 жылы Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы, 1997-1998 жылдары Қордай аудандық өндірістік пайдалану басқармасының басшысы, 1998-2001 жылдары «Қызылғұр» шаруа қожалығында механик, инженер, 2001-2002 жылдары «Қызылғұр» шаруа қожалығында менеджер, 2002-2011 жылдары жеке кәсіпкер, 2011-2012 жылдары Қордай  ауданы  әкімі   аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы, 2012 жылы Қор-дай  ауданы  әкімі аппаратында бас инспектор, 2012-2013 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы,  2013-2017 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі, 2017-2019 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің басшысы,  Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2019-2021 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Үйленген, 1 қыз, 2 ұл  тәрбиелеуде.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.