Қордай ауданы әкімінің 2026 жылғы 23 маусымдағы №49 ө-ж/қ өкімімен Қордай ауданы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып СОЛТАНАЙ СЕЙІТҚАЛИ ДАНИЯРҰЛЫ тағайындалды.
Солтанай Сейітқали Даниярұлы 1994 жылғы 2 маусымда Жамбыл облысы Қордай ауданы Степной ауылында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары.
2016 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2017 жылы Қордай ауданының №2 «Балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығында» «Дзюдо» үйірмесінің педагогы болып бастаған.
2017–2025 жылдары Қордай ауданының №2 «Балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығында» әдістемелік бөлім меңгерушісі, еркін күрес мұғалімі, бөлім меңгерушісі, 2025-2026 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметтерін атқарған.
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.