«Тек ресми ақпаратқа сенейік»

0

2024 жылдың 15 сәуірінде сағат 20:35-те Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында қатты жауын-шашынның салдарынан 30-дан астам ауланың аумағы су астында қалды және М. Әуезов орта мектебінің аумағын су басқандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Жасөркен ауылында барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде. 300-ге жуық адам және 60-қа тарта техника жұмылдырылды. Орын алған жағдайға байланысты Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев оқиға орнына дереу жетіп, Жасөркен ауылының аумағын және оған іргелес аумақтарды тексерді. Сондай-ақ, облыс тұрғындарына арнайы үндеу жариялады:

«Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Олардың толып кету қаупі жоқ.

Құрметті облыс тұрғындары!

Қорқынышқа бой алдырмай, тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймын.

Облыстың барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейтінін, олардың толып кету қаупі жоқ екенін растаймын.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ТЖД-мен бірлесіп Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында жұмыс жүргізіп жатқанымызды хабарлаймын.

Мұнда толассыз жауған жаңбыр мен көлбеу ағындардың пайда болуы салдарынан 30-дан астам ауланың аумағы су астында қалды.

Оқиға орнында барлық жауапты мекемелер жұмыс істеуде, қажетті техника жұмылдырылған, су сорылып жатыр. Жағдай менің жеке бақылауымда»,-деді облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.