ТУҒАН ЖЕРДІҢ ШИПАЛЫ СУСЫНЫ

0

Қымыздың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін қазір барлығымыз жақсы білеміз. Бұл шипалы сусынның дәмін ұнатпайтын адам жоқ. Аталмыш ашымалы сүт өнімін сататын орындар саны күн санап артып келеді. Осылардың ішінен нағыз дәмі тіл үйіретін, бал қымызды іздейтін талғампаздар негізінен ауылды жерлерге ат басын бұрып жатады
немесе тапсырысқа алдырып жүреді.
Сондай қымызды Қарасай ауылынан табуға болады. Онда келген әрбір қонаққа ең алдымен жайлаудың сан түрлі емдік қасиеттері мол шөптеріне жайылған биенің қымызы ұсынылады. 4 ай бұрын ауылда ашылған қымызханаға қазір қызығушылардың саны артқан. Гүлнұр Ешметова бауыры Кенжебек пен анасы Сәдетхан Тыныстановтармен бірге кеңес заманында танымал қымызхананың орнына өз ісін ашып, кәсіпті нәсіп қылып жүрген жандар. Ешметовтар мен Тыныстановтар әулеттері бірігіп, ескі қираған ғимаратты қолға алып, өз күштерімен аумағын абаттандырып, ғимараттың ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ұлттық нақышта жасалған киіз үйдің ішіне мәдениет пен тұрмыстың ерекшелігін білдіретін киізден жасалған бұйымдар қойылып, құрақ көрпелер төселген.
Этнокафе бірден ауыл тұрғындарының күнделікті тірліктен демалып, көңіл көтеріп, әңгімелесіп қайтатын сүйікті орындардың біріне айналды. Мұнда келушілер аяғы үзілмейді. Қымыз тек шөлді қандырып қоймайды, ол денсаулықты түзейді. Оның үстіне дастархан басында қымыз ішіп отырып, талай мәселелер шешіледі.
-Бұрын қазақтарда дәрігер болған емес, емдік қасиеті бар қымыз барлық дертке шипа саналатын. Кішкентайынан қымыз ішіп өскен бұрынғының батырлары қандай еді, — деген Сәдетхан Дауталиева қымызхана ашып ұлттық тағамдар арқылы әр келушіге ұлттық құндылықтарды жеткізгіміз келді, дейді
Шипалы сусыннан басқа бұл жерде ұлттық тағамдар ұсынылуда. Сондай-ақ, мәзірде еуропалық тағамдар да бар. Әрине, қазақ дастарханының сәні – бауырсақсыз болмайды, әр келген қонаққа ыстық бауырсақ беріледі. Сонымен қатар, ас мәзірінде пицца мен грильде піскен тауықтар да бар. Айта кетерлігі, тамақ тапсырысқа жеткізіледі.
Өз ісін кеңейтуді жоспарлаған Гүлнұр Ешметова болашақта қызметтерінің сұранысқа ие болатынына сенімді

Leave A Reply

Your email address will not be published.