ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК: ҚОРДАЙДА БІРЛЕСКЕН РЕЙД ӨТУДЕ

0

Қордай ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында бірлескен рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қордай аудандық прокуратурасының, аудандық полиция бөлімінің және аудан әкімдігінің өкілдері қатысты.

Рейд барысында түнгі уақытта қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері мен кәмелетке толмағандардың жиі жиналатын аумақтары тексерілді. Сонымен қатар, сауда орындарында алкоголь өнімдерінің заң талаптарына сәйкес сатылуы бақылауға алынып, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін өткізу фактілерінің алдын алу бойынша түсіндіру және бақылау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілердің құжаттарын тексерді. Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылдың екінші тоқсанына арналған жедел-алдын алу іс-шаралары жоспарына сәйкес, 24–25 шілде күндері Қордай ауданы аумағында «Балалардың қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті күшейту.

Leave A Reply

Your email address will not be published.