ЖҮГЕРІ ЖИНАУ БАСТАЛДЫ

0

Аграрлы саналатын Қордай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 609 мың 175 га құрайды. Оның ішінде көп жылдық екпелер — 684 га, шабындық жерлер — 9103 га, жайылымдық жерлер – 455 мың 101 га, басқа жерлер – 8 265 га, егістік жерлер – 139 мың 444 гектар. Биыл су тапшылығы мен қуаңшылыққа қарамастан күздік бидай — 22 500 гектар жерге себілді, жаздық арпа 46 500 га, дәндік жүгері 8 000 га, майлы дақылдар 900 га, қант қызылшасы 500 га, картоп 3 800 га, көкөніс 6 500 га, бақша  600 га, мал азықтары 39 940 га, сүр (пар)   10 204 га құрап отыр. Қазір масақты дақылдардың  65 341 гектары толығымен орылып, 60 767 тн астық бастырылды. Аудан бойынша масақты дақылдардың орташа өнімділігі 9,3 центнерден айналды.

Жақында дәндік жүгері ораққа түсті. Алып комбайндар күшімен шабылған жүгері қамбаға бірден тасылып, силос дайындау жұмыстары қызған шақ қазір. Қасық ауылдық округінде «Бай-Нұр» шаруа қожалығы техникалары жұмысқа кіріскен сәт. Есімі шаруаларға жақсы таныс шетелдік «Джон Дир» техникалары өз міндетін мүлтіксіз атқаруда. Ауа райы диқаншыларға жақсы мүмкіндік жасап тұрғанын ерекше атап өткен жөн болар. Алынған өнімнің түсімі де жаман емес. Бүгінгі күні жүгері жинау жұмыстарын шаруалар стратегиялық маңызы бар дақылдан өткен жылға қарағанда мол өнім алуға ниетті. Мәселен, аталмыш шаруа қожалық биыл 200 гектар алқапқа дәндік жүгері сеуіп, әр гектарынан 45 тонна өнім алуды жоспарлап отыр. Содан дайындалған силос қожалықтың 3000 бас ірі-қарасын бордақылауға арналатын болады.

Жандос ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.