ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

0

Референдум – демократиялық қоғамның, кез-келген құқықтық мемлекеттің ең маңызды құралы. Саяси науқанның Қордай ауданында жоғары деңгейде өтуі аудан басшылығының жіті бақылауында.

Сәрсенбі күні аудан әкімі Мәден Мұсаев аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбаймен бірге Қордай ауылдық округінде орналасқан 9 сайлау учаскелерін аралады. Атап айтсақ, аудан басшысы бұл күні №3 мектепте орналасқан №237 сайлау учаскесінде болды. Мұнда ол науқанға дайындық барысын пысықтап, жауапты тұлғалармен тілдесе келе, өз ұсынысын айтты. Осыдан кейін Мәден Тоқтарбайұлы Цемзауыттағы №5 мектеп жанындағы №236, №2 мектеп жанындағы №238, №1 мектеп жанындағы №240, №47 мектеп жанындағы №234, №6 мектеп жанындағы №235, №4 мектеп жанындағы №241, №51 мектеп жанындағы №474, аудандық Мәдениет үйі жанындағы №239 сайлау учаскелерін аралап, ондағы дайындық барысын бақылады.
Өз сөзінде алдағы референдумның маңыздылығына тоқталған аудан басшысы сайлау учаскелерінің төрағаларына сайлаушылардың белсенді дауыс беруін қамтамасыз етуге бағытталған жұмысқа аса мән беруді тапсырды. Аудан басшысының сапары түс ауа ауданымыздың «совхоз» аумағында жалғасып, онда Мәден Мұсаев учаскелердің алдағы референдумға дайындық барысымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.