Ағымдағы жылы гарнизонның әскери прокуратурасы мерзімді қызметтің әскери қызметшілері бар қадағалаудағы Қорғаныс министрлігіне және ҰҚК Шекара қызметіне қарасты әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің тамақтануын, тұру жағдайларын ұйымдастыру, киім-кешекпен, жеке гигиена құралдарымен, медициналық, төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз ету кезінде әлеуметтік құқықтарының сақталуына тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесі бойынша әскери бөлімдерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды ұйымдастыру және әскери қызметшілердің әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету саласында бірқатар кешенді бұзушылықтардың бар екені анықталды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшылығы және Жамбыл облысы бойынша шекара департаментіне прокурорлық қадағалау актілері еңгізіліп, қаралу нәтижесінде басшылық құраммен қоса бірқатар кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
200-ден астам мерзімді әскери қызметшілердің бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша кешенді шаралар қабылдануда.
Сарбаздардың өмірі мен денсаулығын және олардың әлеуметтік құқықтарын қорғау әскери прокуратураның негізгі басымдықтарының бірі болып айқындалғандықтан, бұл бағытта жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Расул РИЗАБЕКҰЛЫ, Гвардейск гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі