Отар ауылындағы Спорттық-сауықтыру кешенінде «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу жарысы өткізілді.
Аталған жарыс барысында әр ауданнан келген жас палуандар қазақ күресі бойынша өз шеберліктерін паш етіп, ұлттық спорттың мәртебесін арттыруға үлес қосты. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының өкілдері қатысып, қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттарды табыс етті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, сондай-ақ ата-бабадан мирас болып қалған рухани мұра мен ұлттық спорт түрлеріне деген құрметті қалыптастыру болып табылады.