ЖАҢА ҮМІТКЕР ҰСЫНЫЛЫП, ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

0

Сейсенбі күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының кезектен тыс XLVIII конференциясы өтті. Жиынға партияның аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов және делегаттар қатысты. 

 

Конференцияның жұмыс органдарының құрамы, мандат комиссиясы, есеп комиссиясы және хатшылық мүшелері сайланған соң,  мандаттық комиссияның төрайымы, делегат  Мадина Кемелханның хабарламасы тыңдалды. Осыдан соң аудандық филиал төрағасы Бейқұт Жамангозов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауы туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, жиын барысында «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерді ұсыну туралы және «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына делегаттар сайлау туралы да айтылды.

Депутаттыққа үміткер туралы хабарламаны аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин Садықов жеткізсе,  партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІІІ конференциясына делегаттар сайлау туралы сөз делегат Алишер Аяпбергенге берілді.

Конференция барысында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, талқыдан өтті. Сондай-ақ, арнайы қаулы да қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.