«ЖАҢА — ЗАМАН, ЖАҢА — ТАЛАП, САНАЛЫ — ҰРПАҚ»

0

Жақында «Керімбала» балабақшасында мектепке дейінгі білім берудегі заманауи тәсілдерді қолдану, білім беру сапасын арттыруға негіз бола алатын жаңа тәсілдерді қолдану бойынша «Жаңа — заман, жаңа- талап, саналы – ұрпақ» атты ерекше семинар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда аудан бойынша үздік балабақшалар қатарында жүрген «Керімбалада» осындай шараның ұйымдастырылуы заңдылық екенін айтуда мамандар.

Семинар барысында жан-жақты шығармашыл, өз ісінің шебері, мақсаты айқын, өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын  жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы білімді көздеген тәрбиеші жұмысының маңызы турасында да ой қозғалды. Семинар балабақша тербиеленушілерінің «Шашу» атты биімен ашылды.

Жиналған қауым мен балалар алдында балабақша құрылтайшысы Ф.Байбекова, аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Әміреевалар мектепке дейінгі тәрбиеде аталмыш семинарлардың маңыздылығына тоқталып, жалпы ұжымға сәттілік тіледі.

Семинар барысында кіші, орта топ және мектепалды тобы балалары өз тәрбиешілерімен түрлі тақырыпта қойылымдар қойды. «Ұлттық құндылықтар», «Ғарыш әлемі», «Ауылға саяхат», «Шалқан» ертегісі, «Времена года» қойылымдары көпшілік көңілінен шықты. Осыдан кейін «Театрландырылған  іс-әрекет арқылы  балаларды шығармашылыққа баулу» туралы  Р.Малқараева, «Ойын арқылы балаларды дамыту» туралы Д.Алимова, «Кішкентай зерттеушілер» тақырыбында Г.Зейналова, «Инклюзивті білім беру – өмір қажеттілігі» турасынд логопед М.Базарова, «Ата-аналармен байланыс технологиясының формалары мен заманауи модельдері» турасында Ә.Әшкен  баяндама жасады.

Жалпы семинарды қорытындылаған білім бөлімінің әдіскері Р.Әміреева «Керімбала» балабақшасының атқарып отырған жұмысына сәттілік айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.