ЖУРНАЛИСТИКА – қоғамның айнасы

0

Баспасөз – қашанда ақпарат көзі болды. Қоғаммен әркез қатынаста болған баспасөзді оқу да бір өнер деседі. Себебі оның тілі бөлек, айтары бөлек. Газет оқыған адамның сауаты ашық, ешбір жаңалықтан шет қалмайды. Газет-журналдардың қоғам өміріндегі рөлі орасан зор.

Газеттер – ғылым мен мәдениеттің барлық жетістіктерін ұрпақтан-ұрпаққа сақтаудың және жеткізудің негізгі құралы. Барлық жастағы адамдар үшін журналдар мен газеттер білім бұлағы қызметін атқарады, өмірді танып білуге және бағалауға, қоғамдық қатынастар мен табиғат құбылыстарының заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Адамның әлеуметтік-адамгершілік идеалдарын қалыптастыруда, оның қоғамдық мінез-құлық нормаларын меңгеруінде баспасөздің рөлі ерекше. Қазақ газетінің алғаш бастауын Түркістан Уәлаяты Газеті– Ташкентте «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде тұңғыш қазақ тілінде 1870 – 1882 жылдары  шыққан аударма газеті. Басылым қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымының молаюына елеулі әсер етті.Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы Шоқан Уәлиханов туралы ана тіліміздегі тұңғыш мақала осы газетте жарияланды. Сонымен қатар, қазақ хандары, қазақтың тегі, үш жүздің арғы түп атасы саналатын Алаш туралы деректер, жарлықтар, егін егу, мал шаруашылығы, қазақ елінің басқа елдермен қарым-қатынасы, темір жол, алғашқы телеграф, пошта қатынастары, кен қазу, металл, көмір өңдіру, саяси-экономикалық, оқу-ағарту мәселелері, алғашқы сын, зерттеу мақалалары да жарық көрді. Газет бұл журналист мамандығының тікелей айнасы деп білемін.Тарихы тереңде жатқан бұл мамандық меніңде болашақ мамандығым. Неліктен мен осы саланы таңдадым? Біріншіден, журналистикада сіз өзіңіздің шығармашылық әлеуетіңізді жүзеге асыра аласыз, өйткені сіз оқырманды қызықтыратын және журналист қалаған және айтуы керек нәрсені жеткізе алатын қызықты мамандық. Бұл мамандық иелері көбінесе көпшілік алдында сөйлеуге бейім, бұл шешендік дағдыларды, шешендік және қарым-қатынас дағдыларын дамыту дегенді білдіреді. Екіншіден, журналистика — бұл қызықты адамдармен танысу мүмкіндігі, ал жаңа танысу дегеніміз — жаңа білім, тәжірибе, жағымды эмоциялар.Үшіншіден, мені журналистің өмір салты қызықтырады: жаңа ақпарат ағынында, оқиғалардың ортасында болу, адамдармен араласу, саяхаттау және іс-шараларға қатысу. Өмірдің мұндай қарқыны адамды жалықтырмайды керісінше адам өміріне түрлі түсті бояулар қосады деп ойлаймын. Көптеген адамдар журналист мамандығы тек редакция, репортаж аумағынан аспайды, деген ой қалыптастырған, негізінен журналист мамандығы біршама түрлерден тұрады. Бұл мамандық қоғам мен мемлекет айнасы. Бір сөзбен айтқанда, бұл мамандықтың беретін мүмкіндігі бірталай дегім келеді. Дүниежүзіндегі барша мамандықтардың ішінде маңдайы жарқырап, жұртқа сапалы ақпарат жеткізетін ерекше мамандық. Былайша айтқанда оқырман мен биліктің алтын көпірі. Ал ақпарат көздерін анықтай отырып зерделеу әрі оны оқырман қауымға дұрыс жеткізу журналистің тікелей міндеті деп айтсақ, артық емес. Ең бастысы, журналистерге керегі ішкі рухтың мықтылығы. Мықты адам болсын, журналист, өзге саланың майталманы болсын, рухы, ерік-жігері мықты болса, биікті бағындырады. «Журналист деген халықтың қамын, мұңдының мұңын мұңдайтын шынайы шындық туы»

Дариға Бақыт, Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Журналистика» мамандығының 1-курс студенті

Leave A Reply

Your email address will not be published.