Жамбыл облысына қарасты Тастөбе ауылдық округінде жаңа спорт нысанының құрылысы қолға алынды. Аталған жоба өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға және ауыл тұрғындары үшін дене шынықтырумен айналысуға қолжетімді жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Құрылыс жұмыстарын «Albe 94 Group» компаниясы жүзеге асыруда. Жаңа нысан бұқаралық спортты дамытуға арналған маңызды алаңға айналып, ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға, заманауи жағдайда жаттығуға мүмкіндік береді.