Нәтижесінде өңірде аталған технологиялар қолданылатын алқаптардың жалпы көлемі 76,8 мың гектарға жетті. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаев мәлімдеді.
Биыл облыстағы егіс алқаптарының жалпы көлемі 654,9 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 мың гектарға артық. Оның 200,4 мың гектары суармалы жерлерге тиесілі.