Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар құрылыс және инфрақұрылым нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

0

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы бірқатар құрылыс және инфрақұрылым нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алдымен өңір басшысы Қонаев және Сейфуллин көшелерінің бойында орналасқан М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді.

Жауаптылардың мәліметінше, қазіргі таңда М-3 жылу магистралін жаңғырту жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Жоба аясында тозу деңгейі 65 пайызға жеткен құбырлар кезең-кезеңімен ауыстырылуда.

Облыс әкімі мердігер мекеменің жұмыс қарқынын күшейтіп, жобаның орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ Қонаев көшесінің аталған бөлігін мүмкіндігінше қысқа мерзімде көлік қозғалысына ашып, тұрғындарды жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде тұрақты хабардар етудің маңызын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.