ЖАСТАРҒА ДЕМ БЕРЕТІН БАҒДАРЛАМА

0

«Жастар тәжірибесі» – оқуды жаңа бітірген жастарға мамандығы бойынша жұмыс табуға мүмкіндік беретін игілігі мол жоба. Ауданымызда осы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында тұрақты жұмыс тауып жатқан азаматтардың қатары артып келеді. Солардың бірі – Алина Рагимова. Қордай ауылының тұрғыны 2022 жылы Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, «Жастар тәжірибесімен» медбике ретінде «Медет Плюс» ЖШС-не жолданды. Жастар тәжірибесін сәтті аяқтап «Медет Плюс» ЖШС-не тұрақты жұмысқа 2023 жылдың 1 наурызынан қабылданды.
Еңлік Аманбек те бірінші кейіпкеріміз секілді өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Еңлік Аманбекқызы өткен жылы Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жолығып, «Жастар тәжірибесімен» «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжіне география пәні мұғалімі ретінде жолданған. Жастар тәжірибесін сәтті аяқтап, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжіне география пәні мұғалімі болып тұрақты жұмысқа қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.