ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

0

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған аудандық мәслихат депутаты, аудандық Жас Отан» жастар қанаты    төрағасы Мадияр Қарабаев төрағалық етіп, кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Партия филиалының мәжіліс залында өткен кеңес отырысының күн тәртібіне бір мәселе шығарылып, жан-жақты қаралды. Нақтырақ айтсақ, ауданымызда жыл сайын 900-ге жуық жастарды жұмыспен қамту мәселесі қаралып, бұл бойынша аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Көпешов баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша, аталмыш мәселе бойынша жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Мәселен, осы жылдың өзінде орталыққа 2552 азамат қайырылса оның 840-ы жастар екен. Ваканттық бос жұмыс орнына жолданған 725 азаматтың 281-і де жастар. Ал, қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы 50 азаматқа облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, бүгінде олар қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданған. Сонымен қатар, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша биылғы жылға 400 азаматты оқыту жоспарланып, 427 азаматқа жолдама берілген. Бүгінде бірінші лек бойынша онда 98 азамат білім алуда. Оның 45-і жастар екенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға жалпы Қордай ауданында 300 азаматқа қаржы бөлінген. Ал, бүгінде 200 азамат өз бизнес идеяларын ұсынып, қайтарымсыз грантқа ие болып, өз кәсіптерін бастауда. Осы грантқа қызығушылық білдіріп, кәсіптерін дөңгелетіп жатқан жастардың саны 94.

Бұл көрсеткіш жастардың кәсіпке қызығушылықтарының артқанына дәлел болмақ. Ал, жыл соңына қарай қалған қаражатты игеріп, жаңа бизнес идеяларға арналған гранттардың тең жартысын жастарға беру көзделіп отыр.  Жастар практикасы бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылып келе жатқаны байқалады. Осы және өзгеде бағдарламалардың аясында атқарылған жұмыстарды қамтып өткен Саламат Көпешов алдағы жоспарларымен де бөлісті. Баяндама аяқталғаннан кейін кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылардың тарапынан бірқатар ұсыныстар түсіп, олар кеңес мүшелерінің келісімімен алдағы жоспарға енгізілді. Кеңес соңында бірауыздан шешім жобасы қабылданды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.