Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауылішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

0
  1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
  2. 2.Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттері (маршруттар) шығарылады:
    №1  Қарасай а. (Қордай ауданы) –  Қордай а.;
    Қаракемер а. (Қордай ауданы) –  Қордай а.;
    Өтеген а. (Қордай ауданы) –  Қордай а.;
    Ноғайбай а. (Қордай ауданы) –  Қордай а.;
  3. Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар  қатыса алады.
  4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, № 242 үй мекен жайы бойынша ұсынуы тиіс.
  5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2024 жылғы 25 қаңтар сағат 12.00-ге дейін.
  6. 2023 жылғы 22 қаңтар, сағат 16.00-де конкурстық Комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
  7. Анықтама алу үшін телефоны: 8 (72636) 2-10-52.

А.АБСЕИТОВ, ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.