Бүгінгі кездесуіміздің басты мақсаты – жол қозғалысы ережелерін сақтау және жолдағы қауіпсіздік туралы түсіндіру. Жол ережесін сақтау – біреудің талабы үшін емес, ең алдымен өз өміріміз үшін қажет. Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан жолда әрқашан сабырлы, мұқият және жауапты болайық. Жол қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Күн сайын мектепке, үйге немесе басқа да жерлерге бару кезінде біз жол қозғалысының қатысушысы боламыз. Сондықтан жол ережесін білу ғана емес, оны үнемі сақтау өте маңызды.