Қордай орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №30 Отар ауылдық кітапханасында «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты тәрбие сағаты өтті.
Шара барысында зорлық-зомбылықтың түрлері мен алдын алу жолдары түсіндіріліп, «Ситуациялық жағдаят», «Дұрыс па, бұрыс па?» ойындары өткізілді. Қатысушылар отбасындағы сыйластық, қауіпсіздік және қиын жағдайда дұрыс әрекет ету туралы пікір алмасты.