Ұлт мұрасы ұлықталған күн

0

Шілде айының бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні. Жыл сайын атап өтілетін бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты. Өйткені, домбыра бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра.

2 шілде күні айтулы күнге орай Қордай аудандық Мәдениет үйі және оған қарасты ауылдық мәдениет мекемелерінің қатысуымен «Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Ол Қордай ауданының орталық саябағында өтті. Онда Қарлығаш Қожағазина, Қуаныш Ахметов, Ерғат Тәжібаев сынды есімдері жергілікті халыққа жақсы таныс талант иелері және жас өнерпаздар қазақтың әйгілі күйлерін нақышына келтіре орындап, жиналған көпшіліктің құлақ құрышын қандырды. Өнерпаздардың ұлы мұрамызды ұлықтайтын айтулы күнге әбден дайындалғандары байқалып тұрды. Мұндай кештердің өскелең ұрпақтың бойына қазақ халқының дәстүрін, ұлттық құндылықтарын, күй өнерінің құдіретін дәріптеуде маңызы зор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.