21 мамыр, елімізде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні аталып өтуде. Осы маңызды мерекеде аудан әкімінің кеңесшісі Айдын Байбек мәдениет саласында еңбек ететін қызметкерлерді қабылдады. Кездесу барысында ол мәдениет және өнер қызметкерлерінің шығармашылығы мен қоғамдағы рөлін атап өтіп, олардың еңбектерінің маңыздылығын айтты.
Айдын Оскарұлы құттықтау сөзінде: «Сіздердің еңбектеріңіз – еліміздің мәдени мұрасын сақтап, оны дамытуға қосқан зор үлес. Мәдениетімізді, өнерімізді халыққа танытуда сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс-тар, үлкен жетістіктер тілеймін – халықтың жүрегінде орын таба білетін, алтын уақытын мәдениетке арнаған еңбектеріңіз құрметке лайықсыздар!», — деді.
Кездесу барысында кеңесші ауданның мәдениетіне үлес қосқан үздік қызметкерлерді аудан әкімі Бегзат Болатбеков пен аудандық тілдерді дамыту бөлімі басшысы Салтанат Балпукованың «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапаттады. Ол мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тіледі.
Алғысқа бөленген өнер өкілдері аудан мен облыс абыройын асқақтатып, өнер жолында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Аталған марапаттар мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерді атап өтіп, қызметкерлердің еңбегін бағалауда үлкен мәнге ие. Мереке қарсаңында ерекше марапатталған қызметкерлер өз шығармашылықтарының нәтижесін халыққа ұсынып, мәдениеттің дамуына ықпал ететіндігін атап өтті.
Мереке күні тек өнер қызметкерлерінің еңбегімен шектелмейді. Бұл күн – халықтың мәдениетке, өнерге деген ынтасы мен құрметін білдіру үшін үлкен мүмкіндік. Мәдениет және өнер қызметкерлері өздерінің кәсібилігімен, талантымен және шығармашылықпен қоғамда ерекше орын алады. Еліміздің мәдени дамуы үшін еңбек еткен барша қызметкерлерге алғыс білдіреміз.