ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

0

3 шілдеде аудандық мәслихаттың сессиясы өтіп, оның жұмысына Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов төрағалық етіп, депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен БАҚ өкілі қатысты.

Депутаттар аудандық мәслихат аппаратының құрылымы мен штаттары жайлы мәселені қарап, ол жайында аудандық мәслихат аппараты кеңсе бөлімінің меңгерушісі Нұрила Сейдалиева баян етті. Ары қарай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асылбек Сырлыбаевтың аудан мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жайлы ақпараты тыңдалды.

Сондай-ақ, депутаттар 2023 жылға арналған Қордай ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін қарады, ол туралы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлінің басшысы Алмас Әлімқожаев ақпарат берді.

Осыдан кейін сессияда ведомствоаралық мәндегі кейбір аудандық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.