ҚАРАКЕМЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ АЛИЕВ АРМАН МАНАТҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

ӨМІРБАЯН

Әлиев Арман Манатұлы 1984 жылы 11 қарашада Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

Ұлты: қазақ.

Білімі: жоғары.

2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының бухгалтері болып бастаған.

2007-2008 жж. – аралығында «Отау — Строй» ЖШС-ның операторы;

2008-2012 жж. – аралығында Қордай ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік – құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы;

2012-2014 жж. – аралығында Қордай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы;

2014 жылдың 14 шілдесінен бүгінгі күнге дейін – «Қызылсай» шаруа қожалығы бастығының орынбасары.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, әкім лауазымына үміткер ретінде, алдағы жылдары келесі 5 негізгі бағытты іске асыруға бар білімім мен тәжірибемді жұмсаймын:

  1. Жер кезегін шешу мәселесі

Ауылдың болашағы — оның жастары. Бүгінде 370-тен астам жерлесіміз өз шаңырағын көтеру үшін жер кезегінде тұр. Жастардың сыртқа кетпей, туған ауылында қалып, еңбек етуі үшін нақты жобалар әзірлеп тиісті мекемелермен бірлесе іске асыратын боламын.

2.Тәрбие және руханият: жастар арасындағы құқық бұзушылық пен жат қылықтардың алдын алу үшін ауыл ақсақалдары мен ардагерлер кеңесінің жұмысын жандандырамын. Округте тұрақты түрде деструктивті ағымдардан қорғау, ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені насихаттайтын жобаларды қолға аламын. Ауыл жастарын отансүйгіштікке, еңбекке баулу бағытында мәдени, спорттық және тәрбие шараларын тұрақты ұйымдастырамын ауылымыздан чемпиондар мен өнер азаматтарын шығаруға күш саламын. Білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатып, білім сапасына үлес қосатын боламын.

  1. Спорт және мәдениет

Орталық стадионды жаңғырту: Ауылдың орталық футбол алаңшасын заманауи стандарттарға сай қайта жабдықтауға күш саламын. Жергілікті кәсіпкерлер мен инвесторларды тарта отырып, көрермендерге арналған ыңғайлы трибуналар орнату, сонымен қатар бұл орынды үлкен мәдени-спорттық орталыққа айналдыру бойынша нақты жұмыс жүргізетін боламын.

Ауылдың мәдениет үйінің құрылысын — бастауға бар күш-жігерімді салатын боламын, қолдауын тауып құрылыс басталған жағдайда сапасына жіті мән беріліп жақын жылдарда қолданысқа берілуіне тікелей ат салысатын боламын.

  1. «Ашық әкімдік» және кәсіпкерлікті қолдау

Құқықтық көмек: Тұрғындарды құжаттармен жалғыз қалдырмай, мемлекеттік бағдарламалардың игілігін қарапайым тілмен түсіндіретін және бағыт-бағдар беретін жүйе қалыптастырамын.

Қайтарымсыз гранттар мен несиелер: Жастарға бизнес-жоспар жазуды үйрету, мемлекеттік қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несиелерді алуға көмектесу арқылы жас кәсіпкерлердің аяққа тұрып кетуіне әкімдік атынан тікелей қолдау көрсетіледі.

  1. Әлеуметтік серіктестік: Мұқтаж отбасыларға қамқорлық:

Әлеуметтік жауапкершілік: Ауылдағы ірі кәсіпкерлер мен жомарт жандарды тарта отырып (инвестиция және демеушілік есебінен), ауылымыздағы ең мұқтаж, көпбалалы немесе аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту бағытындағы игі істерді үйлестіремін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.