ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚОРДАЙ АУДАНЫ ҚОРДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

0

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9-тармағына сәйкес Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қордай ауылдық округі әкімдікке «AMANAT» партиясынан және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:
Қордай ауылдық округіне Каспакбаев Адлет Медельбекович, 1986 жылы туған, Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Қордай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясының мүшесі.
Қордай ауылдық округіне Аяпберген Алишер Мұхаметқалиұлы, 1995 жылы туған, Әлжан ана ауылындағы №23 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің мұғалімі, Қордай ауылының тұрғыны өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Қордай ауылдық округіне Қабылтай Танат Үсеналыұлы, 1994 жылы туған, Қордай ауданы әкімінің азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі кеңесшісі, Қордай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.