Қордай аудандық мәслихатының №9 бірмандаттық сайлау округі бойынша депутаттығына кандидат ЖАМАНГОЗОВ БЕЙҚҰТ ТІЛЕБАЛДЫҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

0

Өмірбаян

Мен, Жамангозов Бейқұт Тілебалдыұлы, 1969 жылы 6 наурызда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шарбақты ауылында дүниеге келгенмін. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.

1984-1988 жылдары Шымкент қаласындағы автомеханикалық техникумын «Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу» мамандығы бойынша аяқтадым.

1993-1998 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру мәдениеті және еңбек» мамандығы бойынша тәмамдадым.

1999-2002 жылдары Қырғыз-Ресей білім беру академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтадым.

2011-2013 жылдары Жамбыл гуманитарлық — техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолын 1990 жылы Қордай ауданы, Шарбақты ауылында №36 Сауранбаев атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастадым.

1995-2003 жылдары Қордай ауданы, Шарбақты ауылында №36 Сауранбаев атындағы орта мектебінің директоры болдым.

2003-2008 жылдары Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі бастығының орынбасары.

2008-2010 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары болдым.

2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқардым.

2012 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бас маманы.

2012-2021 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары болдым.

2021-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат, білім басқармаларының басшысы қызметін атқардым.

Қазіргі таңда 2023 жылдың тамыз айынан бастап «АMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы болып қызмет атқарамын. Саяси ғылымдар кандидатымын.

Отбасылымын, екі ұл, бір қыз тәрбиелеудемін.

 

Сайлауалды бағдарлама

«АМАNАТ» партиясының «Мақсатымыз ортақ! Туған жерді бірге түлетейік!» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалу барысын, Қарасу, Қарасай ауылдық округтері жастарының бос уақытын тиімді өткізу бойынша, спорт мектептеріндегі секциялардың жұмысы туралы, №7 Бетқайнар және Қордай ауыл шаруашылығы колледждеріндегі жатақханалардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары туралы мәселелерін зерделеп, тиісті ұсыныстар беріп, атап айтқанда дарынды жастарды тарту мақсатында мәдени және спорт үйірмелерінің саны мен қамтылуын арттыру, ауданның барлық елді мекендерінде балаларды спорт секцияларымен қамту бойынша жұмыстар жүргізу, жатақханаларда студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және тағы басқалар.

Аудандық мәслихаттың білім беру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет, тілдерді дамыту және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі ретінде   «Ауданда ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы», «Ауданда еріктілер қозғалысын дамыту жөніндегі жұмыс туралы» мәселелерді шешуге белсенді қатыстым.

Аудан бойынша бұқаралық спортты дамыту және спорттық инфрақұрылымды кеңейту мақсатында жол картасы шеңберінде салынып жатқан спорт объектілерінің сапасы мен уақтылығын бақылау мақсатында спорт объектілеріне бардым.

 

ЕЛ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТЕМІН!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында  Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың кезектен тыс сайлауларының өтетінін мәлімдеген болатын. Бұл еліміздегі саяси өзгерістерді алға тартқан шаралар бірінші кезекте Парламент палатасы мен жергілікті мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыруға және белсенді депутаттардың жаңа құрамын жасақтауға бейімделіп отырғаны айқын.

Қордай аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған жағдайда аудан тұрғындары алдында аса жауапты міндеттер жүктелетінін аса зор сезінемін. Ең бастысы алға қойған мақсатым аудан тұрғындарының мәселелеріне әркез мән беріп, оның шешілуі жолында табандылық танытып, ауданның қоғамдық-саяси дамуына барынша үлесімді қосу.

Егерде мені Қордай аудандық мәслихатының депутаты ретінде сайлаған жағдайда бар күш-жігерімді осы қызмет жолында жұмсайтын боламын. Атап айтсам:

  1. Халықтың осал топтарына әлеуметтік көмектер көрсетуге ықпал етемін.
  2. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша келген жас мамандардың әлеуметтік мәселелеріне көңіл бөлемін.
  3. Красный партизан мөлтек ауданына тұрғындарына қоғамдық көлікпен жүруді ұйымдастыруға атсалысамын.
  4. Заң аясында өз округімнің сайлаушыларының мүддесін қорғап, олардың талап-тілектерін тиісті мекемелерге уақытында жеткізу;
  5. Красный партизан мөлтек ауданындағы ауыз су мәселесін алға тартамын.
  6. Білім беру ошақтарында, мәдениет, балабақшалар, кітапханалардың материалдық -техникалық базасын одан әрі жақсартуға  атсалысу;
  7. Игерілмей жатқан бос жерлерді қайтаруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Жер аманаты» жобасының іске асырылуына бар күшімді жұмсайтын боламын.

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен Қордай ауылы тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға барамын.

Біз бірге барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін. Біздің мақсатымыз – мықты мемлекет құру!

Құрметті ауыл тұрғындары мен сіздердің қолдауларыңызға сенемін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.