Өмірбаян
Жамангозов Бейқұт Тлебалдыұлы Қордай ауданының Шарбақты ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қордай ауылында тұрады. Білімі жоғары. Дене шынықтыру және еңбек, құқықтану, қаржы ісі, саясаттану мамандықтарын игерген.
Еңбек жолын 1990 жылы Н.Сауранбаев атындағы №36 орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1995–2003 жылдары осы мектептің директоры, 2003–2008 жылдары Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімінің орынбасары, 2008–2010 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары, 2010–2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары, 2012–2021 жылдары Қордай ауданы әкімінің орынбасары, 2021–2023 жылдары Жамбыл облысының ішкі саясат және білім басқармаларының басшысы қызметтерін атқарған. 2023 жылғы тамыздан бастап «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы, ал 2026 жылғы ақпан айынан бастап «Әділет» партиясы Қордай аудандық филиалының төрағасы.
Кәсіби қызметімде білім беру саласын дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу, жастарды қолдау және ауылдық аумақтарды дамыту бағыттарына басымдық берген.
Сайлауалды бағдарламасы
- ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
Мен үшін — жөндеуді қажет ететін жолдар мен көшелерді абаттандыру және олардың инфрақұрылымын жақсарту, аулаішілік жолдарды, тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыруға жәрдемдесу.
Көлік қатынасын жақсартуға және қоғамдық көліктің тұрақты жүруін қамтамасыз етіп, қолдау көрсету.
2.СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Сумен жабдықтаудағы үзілістер мәселесін шешуге және ауызсудың сапасын жақсартуға қол жеткізу.
Тозған су құбырлары мен коммуналдық желілерді жөндеуге жәрдемдесу. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және апаттық жағдайларды жедел жоюға қол жеткізу.
Тұрғын орамдарында, көше қиылыстарында және жаяу жүргіншілер жолдарында көше жарықтандыруын кеңейтуге қолдау көрсету.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
Шағын бизнесті, отбасылық кәсіпкерлікті және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға қолдау көрсету. Тұрғындарға мемлекеттік гранттар, субсидиялар және кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алуға көмектесу. Дүкендер, шеберханалар, шағын өндіріс орындары мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын ашу бастамаларын қолдау.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылық иелерінің жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілуі және ауыл шаруашылығы қызметтеріне қолжетімділігі мәселелерінде олардың мүдделерін қорғау. Ветеринариялық қызмет көрсетуді жақсартуға және қажетті ветеринариялық препараттардың қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу. Жергілікті өндірушілерді қолдауға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге қолайлы жағдай жасауға ықпал ету.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу. Округке инвестиция тартуды және жаңа кәсіпорындардың ашылуын қолдау. Жастарды кәсіптік оқыту және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге қол жеткізу. Тұрғындардың мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуына және жаңадан кәсіп бастаған азаматтарға қолдау көрсетуге жәрдемдесу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға қолдау көрсету. Бейінді дәрігерлердің қабылдауына қолжетімділікті арттыруға жәрдемдесу. Алғашқы медициналық көмектің сапасын жақсартуға және тұрғындарға уақтылы медициналық қызмет көрсетілуіне қол жеткізу.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға жәрдемдесу. Мектептер мен балалар мекемелеріне баратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. Балалар мен жасөспірімдердің спортпен, шығармашылықпен және қосымша білім берумен айналысуына қолайлы жағдай жасауға ықпал ету.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу. Қоғамдық орындар мен әлеуметтік мекемелерде қолжетімді орта қалыптастыруға қол жеткізу. Тұрғындарға өздеріне тиесілі жәрдемақылар, жеңілдіктер және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат алуға жәрдемдесу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Тұрғын аудандар мен округтің шеткі бөліктеріндегі байланыс мәселелерін шешуге жәрдемдесу. Халықтың, әсіресе егде жастағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруды қолдау. Электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
Көшелерді, қоғамдық аумақтарды мен ортақ пайдаланылатын орындарды тұрақты тазалауды қолдау. Тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жақсартуға қол жеткізу. Қоғамдық кеңістіктерді, демалыс орындары мен спорт аймақтарын абаттандыруды қолдау. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық акциялар өткізуге жәрдемдесу.