ҚОРДАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША БОС ТҰРҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ЖАРИЯЛАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

0

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

E-R-4 санаты бойынша:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

E-G-4 санаты бойынша:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Индекс 080400, Қордай ауылы, Төле би көшесі №106, 2 қабат, № 20,29 кабинет, тел: 8(72636) 2-11-60 немесе электрондық почта: otdelkadr17@mail.ru.

1. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бірлік, № 01-02, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Заңды тұлғалардың өтініштерін мен сауалдары, оларды қарау жөніндегі құжаттарды анықтамалар, мәліметтер, хат алмасу және басқа құжаттарды қарап дайындайды. Жамбыл облысы әкімі аппаратымен және Қордай ауданы әкімдігінің аппаратымен және бөлімдермен хат алмасу. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою. Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу. Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жолдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру. Аудан әкімі мен облыс әкімдігі басқармалар басшыларымен келіскен индикаторлардың уақтылы орындайды. Ауданда көктемгі-күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық екі айлықтарын ұйымдастыру, штаб отырыстарын өткізу. Аудан әкімі мен облыс әкімдігі басқармалар басшыларымен келіскен индикаторлардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.Ауданда халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорын қызметін талдау.Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына материалдарды жариялау бойынша жұмысты жүргізеді. Жамбыл облысы әкімінің, Қордай ауданы әкімдігінің хаттамалық тапсырмаларын мерзімде орындау жұмыстарын жүргізеді.Мемлекеттік, облыстық, аудандық терроризим, экстремизм, дін саласына қатысты сұрақтары, қылмысқа қарсы күрес туралы бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етіп, комиссия отырыстарына және берілген тапсырмаларды орындайды. Бөлімнің бюджеттік қаражатты игерудің және мемлекеттік сатып алуды уақытында жүргізу.Бөлімнің мемлекеттік және штаттан тыс қызметкерлерінің жұмысқа шығу табелін уақтылы жүргізіп, еңбекақыларын айма ай жүргізу.Бөлшектің негізгі қорларын және басқа да резервтерін есепке алудың сапалы және уақтылы шараларын қабылдау. Бюджетке уактылы салықтық түсімдерді қамтамасыз ету. Бөлімді тексеру нәтижелері бойынша бухгалтерлік жазбалардың бұзылуын болдырмау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
2. Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауданның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, әлеуметтік сала объектілерін жылу беру маусымын үздіксіз қадағалайды.Ауданда халыққа тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындарға талдау жасауды іске асыру.Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға құжат беру. Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру.Заңды тұлғалардың өтініштерін мен сауалдары, оларды қарау жөніндегі құжаттарды анықтамалар, мәліметтер, хат алмасу.Әдеп кодексінің сақталуын қамтамасыз ету.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізу.Аудан әкімі мен облыс әкімдігі басқармалар басшыларымен келіскен индикаторлардың уақтылы орындайды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.Автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру.Ауданның энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала нысандарының жылыту маусымы үздіксіз жұмыс істетуіне мониторинг жүргізу.Елді мекендердің көшелерді және облыс пен аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, E-R-4 санаты, 1 бірлік, № 01-03, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 226 837 теңгеден бастап 260 564 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Аудан деңгейіндегі кадастр жұмыстарын жүргізу. Аудан аумағындағы құрылыс жұмыстарын жүргізуі, құрылыс ұйымдарының жұмысын Қазақстан Республикасында әрекет ететін құрылыс нормаларымен ережелеріне сәйкестігіне талдау жасау.Ауылдық округ әкімдері мен басқа мемлекеттік органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру және оларға бақылау жасау.Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарына сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру» бойынша орындалуын бақылау.Жер кодексінің талаптарына сәйкес ауылдық округі әкімінің аппараттарынан түскен өтініштері бойынша елді мекен шегінде құрылыс салуға «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік стандартынын негізінде елді мекендердің бекітілген бас жоспарларына сәйкес тиісті органдардан келісімдерін жинақтап, актінің жобасын әзірлеу жұмыстарын жасау.Жер қатынастары бөлімінен түскен өтініштері бойынша «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік стандартынын негізінде елді мекендердің бекітілген бас жоспарларына сәйкес келісім және актінің жобасын әзірлеу жұмыстарын жасау.Құрылыс қатынастарында мемлекеттік реттеу қатынастарына қатысу, аудан аумағында жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардың құрылыс саласындағы қызметін реттеу. Бөлімнің құзыретіне енетін мәселелер бойынша, облыс әкімдігінің құрылыс басқармасымен және аудан әкімдігінің барлық бөлімдері мен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету.Құрылысы аяқталған жеке тұрғын үйлер мен жеке кәсіпкерлік нысандарды қабылдау жұмыстарына қатысу.Аудан көлемінде атқарылатын және атқарылып жатқан күрделі құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарының жұмыс жоспарларын әзірлеу, жобалау, орындалуын қадағалау.Ауданның жалпы құрылыс салудағы даму деректеріне талдау жасау, ұсыныстар енгізу.Аудан әкімдігінің отырыстарына өз құзіреті шегінде сәулет, қала құрылысы мәселелері бойынша материалдар, ақпараттар дайындау.Аудан әкімінің аппаратынан және жоғары атқарушы, уәкілетті, қадағалаушы органдардан келіп түскен өтініш, хаттарға, арыз-шағымдарға өз міндеттері шегінде мерзімінде орындау. Бөлім басшысының облыс әкімі өткізетін кеңестеріне, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысуларын қамтамасыз ету. Бөлімге келіп түскен өтініш, арыз-шағымдарды уақытылы мерзімінде жабылуын қадағалау.Өзіне жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады. Еңбек тәртібін сақтауға міндетті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Өнер саласындағы немесе техникалық ғылымдар немесе технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Сәулет немесе мүсін немесе кескіндеме немесе дизайн немесе графика немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша) немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
4. Қордай ауданы Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-15, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Азық түліктің бағаларын және жанар жағар май тауарларының бағаларының тұрақтылығын қадағалайды.Жергілікті аумақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі іс-шараларды, Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастырады, аумақтық қорғаныс және жұмылдыру іс-шара жоспарын дайындайды.Округ аймағындағы барлық меншіктегі кәсіпорындары мен кіші және орта кәсіпкерлік нысандары, өнеркәсіп, сауда, көлік, байланыс, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен отын-энергетикалық кешендерін дамыту салаларының мәселелері бойынша жұмыстарды жүргізу. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін тарту мен дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.Кәсіпкерлермен дүкен сауда орталықтарының атауларының дұрыс жазылуын қадағалайды.Ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Азаматтардың арыз шағымдарын қарау, зерделеп ҚР Заңдарында белгіленген уақытта жауабын беру. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салуды жүргізу.Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу.Салық пен басқа да міндетті төлемдерінің жиналуын қамтамасыз етеді. Екпе алу бойынша барлық жұмыстарды жүргізеді.Жәрмеңкені ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5. Қордай ауданы Қақпатас ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-05, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, шаруашылық кітаптарын жүргізу.Ономастика саласы бойынша көше атауларының және реттік нөмерлерін шаруашылық кітап бойынша бақылап, жұмыстар жүргізу.Мәдениет саласы және тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша заңға сәйкес жұмыстарды қадағалау. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.Архив құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және басқа архивтің қабылдауы, сақтауы есепке алуы мен пайдалануы, ведомстволық сақтауда тұрған құжаттарды дұрыс қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысу.Ауылдық округі бойынша үй шаруашылық есеп кітаптарындағы өзгерістерді өзгерістерді электрондық базаға енгізу, автоматтандырылған «Е-халық» жүйісі жұмысын қамтамасыз ету. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша жұмыстар атқару. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсыну. Берілген анықтамаларды тіркеу бойынша жұмысты жүргізу. «Е-gov» бойынша жұмысты жүргізу.Автоматтандырылған «Сайлаушы» сайлау жүйесі жұмысын жүргізу. Басшының берілген қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

6. Қордай ауданы Қаракемер ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау мерзіміне 2024 жылдың 28 ақпанына дейін ), E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-05, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 195 549 теңгеден бастап 224 624 теңгеге дейін). *
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтегі шаруа қожалықтарына қажетті мәліметтерді анықтау, олардың жұмыстарына талдауға, сараптама жасауға (көктемгі егіс көлемі, күзгі өнім алу мәліметі), «Агробизнес-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары бойынша, т.б қорлардан несие алуға, құжаттарын заңдастыруға көмек беру.Ауылдық округ тұрғындарына анықтама беру, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабын жүргізу. «Е-gov» бойынша жұмысты жүргізу.Ономастика саласы бойынша көше атауларының және реттік нөмерлерін шаруашылық кітап бойынша жұмыстарын жүргізу.Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөліміне қатысты барлық мәселелерді жүргізу.Ауылшаруашылық саласы бойынша және ветеринария саласы бойынша жұмыстарды жүргізу.Егін орағының барысы туралы жұмыстарды зерделеу.Мал азығын дайындау жоспарын орындау.Ауылдық округте бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу.Мал санын анықтау, асыл тұқымды мал шаруашылығының ет, сүт, жүн өндіруді дамыту.Шаруашылық кітабымен салыстырудың кестесін жасау, үй үйді аралап, өз уақытысында есеп журналын жүргізу. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды, санитарлық тазалық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу.«Жасыл белдеу» бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету. Елді мекендерде көктемгі, күзгі абаттандыруды және қысқы кезенде көшелерді қардан тазалауды жүргізу. Қаракемер ауылдық округінің төлқұжатын дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
7. Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-12, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.Қатты және сұйық қалдықтарды тастау полигонына қатысты барлық жұмыстарды жүргізеді.Ауылдық округтегі жолдардың және көпірлердің техникалық жағдайын зерделеп, қадағалау.Жол белгілері бойынша барлық жұмыстарды жүргізеді.Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Жалпы.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу.Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы.«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
8. Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-08, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтегі құнды заттардың ай сайынғы есебін жүргізу,айлық, тоқсандық, жылдық баланыстарды, бухгалтерлік кәртішкелер есебін, айналым ведомостарын, басқа бухгалтерлік жүйедегі жұмыстарды жүргізу. Сенім хаттардың есебін жүргізу, шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру. Іссапарлар кітабын жүргізу, мүліктік түгендеу тізімдемелерін жүргізу. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырып, өткізу. Есеп кітабын және айлық жалақы, демалыстарды есептеу, қазынашылық құжаттары. Төленетін қаржы реестрін, тапсырыс реестрін, өнім берушінің келісім шарттары реестрін, анықтамалар реестрін, табыс салығының кітабын жүргізу. Қаржы тапсырыстары келісім – шарттардың орындалуын, төленуін қаржылар есебін, есептердің мерзімінде және дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету.Бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша салық комитеті, қазынашылық басқармасы, статистика басқармасы, әкімдіктің бөлімдерімен өз ара іс қимыл жасау. Әкімнің басқа да тапсырмаларын орындау.Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарывның, Үкімет Қаулыларывның, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау. Округ әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеу, жабдықтар мен материалдар, статистикалық, бухгалтерлік есептерін жүргізу, қаржылық әрекеттер жасапқаржы жоспарлары жұмыстары үйлестіреді.Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты.Қаржыландыру жөніндегі есеп берулерге, жұмыс уақытын есепке алу табелдерге, мүлікті материалдық құндылықтарды және активтерді түгендеу бойынша құжаттар мен актілермен жұмыс жүргізуге, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті әлеуметтік төлемдерді уақытылы аудару бойынша жұмыс жасау, арнайы мемлекеттік және өзге де жәрдемақылардың еңбекке жарамсыздық парақтар мен материалдық көмек беру туралы құжаттармен жұмыс жасау, қызметкерлерге еңбек ақы беру кітабымен, қызметкерлердің іс сапары туралы құжаттармен жұмыс жасау. Негізгі құралдарды өзге де мүліктерді есепке алу журналымен жұмыс жүргізу, негізгі қорларды қайта бағалау, негізгі құралдардың амортизациясын анықтау, ұйым мүлкінің құнын бағалау туралы құжаттармен, сенім хаттарды тіркеу жұмыстарын жүргізеді. Салықтың барлық түрлері бойынша салық деклорациясы туралы есептер жүргізу. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
9. Қордай ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, E-G-4 санаты, 1 бірлік № 01-07, (лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарын есептегенде 168 577 теңгеден бастап 193 642 теңгеге дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге демалыстар берудің есебін жүргізеді, кезекті еңбек демалыстары кестелерін жасауға және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есепке қатысты өкім шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есепті өз уақтысында сапалы деңгейде өткізуге жеке жауапты. Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тиімділігін бағалау жөніндегі жұмысты жүргізеді. Ауылдық округі әкімінің штаттық кестесін және әкімшілік басқармасының шығыс сметасын дұрыс жүзеге асырады. Ауылдық округі әкімінің бухгалтерлік есеп құжаттарына кассалық және заттық шоттарына жауапты. Ай сайынғы тоқсандық, жылдық және статистикалық есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Қызметкерлерге қатысты төлемдерді жүргізу, есептеу.Бюджеттік өтінімді дайындау және өткізу. Қызметкерлердің еңбек демалыстарын есептеу және демалысқа шығуын бөлу. Айлық көрсеткіштерін, медициналық сақтандыруды және жұмыс тәжірибесін есептеп дұрыс төлемдер жүргізілгені туралы ай сайын мониторинг жүргізу. Басшының немесе орынбасарының қызмет бабындағы тапсырмаларын уақытылы орындау және орындалғаны туралы хабардар ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Мамандығы: Экономика немесе қаржы немесе есеп және аудит.
Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Қазақстан Республикасының заңнамалары бойынша тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді білу. Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың болуы. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, (20,29- жұмыс кабинеттері).
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 106, мекен-жайда орналасқан Қордай ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.
Аталған лауазымды иеленген тұлғалар үшін кеткен шығындар (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) төленбейді, тұрақтанатын жер және жеңілдіктер ұсынылмайды.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда, шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
*(Ескерту:Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 100 бабына сәйкес, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда жұмыскер жұмыс берушіге өзінің ниеті туралы жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын ескертуге міндетті).

Leave A Reply

Your email address will not be published.