ҚОРДАЙЛЫҚ ФУТБОЛШЫЛАР ТОП ЖАРДЫ

0

Қордай ауданында 1-7 тамыз күндері 2007 жылы туған ауыл жасөспірімде
рі арасында футболдан Қазақстан Республикасы-
ның чемпионаты өтті. Орталық стадионда өткен жарысқа Қызылорда облысының Арал және Сырдария аудандарының, Түркістан облысының Төле би, Жетісай аудандарының, Жамбыл облысының Талас, Мойынқұм, Қордай аудандарының спортшылары қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай, аудандық мәслихат хатшысы Нұрдин Садықов пен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Түркістан облысының спорт ардагері Болат Базарбаев сөз алып, қатысушыларды құттықтаған болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған құрама командалар бір апта бойы тартысты да қызықты ойын көрсетті. Дүбірлі доданың нәтижесі бойынша Қордай ауданының командасы үздік шығып, жүлделі бірінші орынды иеленді. Жеңіс төрінен көрінген спортшыларымызды құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.