ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

0

Қордай ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан аумағындағы қылмыстық құқық-бұзушылықтардың алдын алу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл төрағалық етті. Басқосуға аудан прокуратурасының прокуроры Алмас Борантаев, аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары Сәкен Әмірбеков, полиция қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, мекеме өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Қауіпсіз Қордай» жобасы аясында 2026 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар сараланып, аудан аумағындағы криминогендік ахуалға талдау жасалды.

Алғашқы мәселе бойынша Қордай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімшесінің бас маманы Жаңабай Орақбай қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар мен ақпараттық контентті тұрақты түрде жариялау қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар айқындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.