ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

0

Сейсенбі күні «AMANAT» партиясы Қордай аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қордай ауылындағы бастауыш партия ұйымдарының мүшелері арасында «Ұлы дала елінің ұлттық ойындары» атты тоғызқұмалақ, жамбы ату және асық атудан Қордай ауылдық ашық турнирі өтті.

Жарыстың негізгі мақсаты – ұлттық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ халқының ұлттық ойындарының өсіп-өркендеуіне жағдай жасау. Қордай ауылдық мәдениет үйінде өткен шараның ашылу салтанатына партия аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі Б.Тұтқабаев және аудандық мәслихат депутаттары Ғ.Алимжанов, Э.Курумбаевтар қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Спорт сайысына «Бастау», «Болашақ», «Бәйтерек», «Ақсу» және «Қордай» бастауыш партия ұйымдары қатысып, ұтқыр ойын үлгісін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша тоғызқұмалақтан І орынды – А.Пернебаева, ІІ орынды – А.Лепесов, ІІІ орынды – А.Қасымқұл иеленсе, асық атудан жүлделі І орынды – Е.Турдан, ІІ орынды – С.Сейдуалиев, ІІІ орынды – Ж.Тлепбаев қанжығасына байлады. Ал жамбы атудан Е.Тенсебаев І орынды, А.Рашет ІІ орынды, Ж.Ұзақбаев ІІІ орынды иеленді. Жеңіс төрінен көрінген партия мүшелеріне мадақтамалар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.