ЖАҢА ЕСІМДІ ТАЛАНТТАР

0

Жуырда аудандық Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолға алуымен «Жаңа есім-2022» атты шығармашыл жастардың байқауы өтті. Оған ауданның әр ауылынан қырыққа жуық өнерпаз қатысып, бақтарын сынады.

Аудандық Мәдениет үйінің залына жиналған көрермендер қатысушыларға жанкүйерлік танытып, әр шыққан өнерпазға қошемет көрсетіп отырды. «Жаңа есім-2022» байқауы дәстүрлі ән салу, аспапта ойнау және вокал сынды номинациялардан тұрды. Өнер сайысына қырыққа жуық қордайлық өнерпаздар қатысып, облыстық жолдаманы өзара сарапқа салды. Нәтижесінде, өңірге етене таныс әділ қазылар алқасының шешімімен дәстүрлі ән номинациясы бойынша Шапағат Балтабай мен Жасмин Жолдасбек облыстық іріктеуге жолдама алды. Ал, аспапта ойнау сайысында Аслан Ерен мен Тимур Кимнің өнері үстем болса, вокалдық сында Толағай Жанай, Санжар Тынышбек, Алина Курбанова және Татьяна Савченко облыста өнер көрсететін болды. Бұл байқау әр ауданда іріктеуін өткізіп болған соң облыс орталығында ақтық сынын өткізетін болады. Әр номинация бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздар өнер мамандығы бойынша институт пен колледждерге грант ұтып алмақ. Ендеше ақтық мәреде жерлестерімізге сәттілік тілейміз

Leave A Reply

Your email address will not be published.