ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0

Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «ҚазТрансГазАймақ» мамандарымен бірлесіп өрттердің алдын алу мақсатында газбен жылытылатын тұрғын үйлерде  профилактикалық рейдтер ұйымдастырды.

ТЖБ қызметкерлері тұрғындар арасында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің талаптары бойынша нұсқаулық өткізді.

Газ қызметінің сарапшылары тұрғындарды газ жабдығының ақауларының негізгі себептері, газдың салдары және оны анықтау кезіндегі әрекеттер туралы хабардар етті.

Жылыту маусымында тұрғындарға газ жүйесінің қарапайым ережелерді сақтау ұсынылады:

— газ құрылғыларын өз бетінше қосуға немесе ауыстыруға тыйым салынады;

— бүлінген немесе ақаулы электр аспаптарын пайдалануға болмайды;

— балалардың газ плиталарын пайдалануына тыйым салынады;

— үй-жайды жылыту үшін ашық отты газ құрылғыларын қолдануға тыйым салынады.

Сондай-ақ, егер үй-жайда газдың иісі сезілсе ең алдымен есіктер мен терезелерді ашып, газ құрылғыларын жауып, шұғыл газ қызметін шақыру қажет және бөлмеден шығу керек.

Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Қордай ауданы ТЖБ

Leave A Reply

Your email address will not be published.