➡️ Фейк: Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беріледі   JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі:   Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беру жоспарланып жатқаны туралы таралып жатқан видеоролик шындыққа сәйкес келмейді.   JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда бұған дейін де бірнеше рет кездескен манипуляция тәсілі қолданылған: шынайы бейнекадрлар жалған хабарламаны тарату үшін пайдаланылған. Танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысының қолданылуы жалған материалға ресми сипат беріп, оның шынайы ақпарат екеніне сендіруге бағытталған. Мұндай тәсілдің мақсаты — аудиторияда бұл мәлімдеме мемлекеттік органдардан немесе елдің жоғары лауазымды тұлғаларынан тараған деген әсер қалыптастыру.   ➡️ Фейк: Қазақстан мектебінде самокатпен жүрген оқушы туралы видеоролик   JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі:   Таралып жатқан видеороликтің Қазақстан мектептеріне қатысы жоқ. Тексеру нәтижесінде видеоның көршілес елде түсірілгені анықталды.

0

➡️ Фейк: Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беріледі

JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі:

Қазақстан азаматтарына бір миллион пәтерді тегін беру жоспарланып жатқаны туралы таралып жатқан видеоролик шындыққа сәйкес келмейді.

JAQ.OrtCom түсіндірмесі: Бұл жағдайда бұған дейін де бірнеше рет кездескен манипуляция тәсілі қолданылған: шынайы бейнекадрлар жалған хабарламаны тарату үшін пайдаланылған. Танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысының қолданылуы жалған материалға ресми сипат беріп, оның шынайы ақпарат екеніне сендіруге бағытталған. Мұндай тәсілдің мақсаты — аудиторияда бұл мәлімдеме мемлекеттік органдардан немесе елдің жоғары лауазымды тұлғаларынан тараған деген әсер қалыптастыру.

➡️ Фейк: Қазақстан мектебінде самокатпен жүрген оқушы туралы видеоролик

JAQ.OrtCom ресми мәлімдемесі:

Таралып жатқан видеороликтің Қазақстан мектептеріне қатысы жоқ. Тексеру нәтижесінде видеоның көршілес елде түсірілгені анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.