🇰🇿🥈 Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық спортшылар байдарка мен каноэде есу жарысында әйелдер арасындағы 500 метрлік қашықтықта байдарка-екілік сайысында өнер көрсетті. Финалдық бәсекеде Шмелева мен Токарницкая екінші нәтиже көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір күміс медаль салды.
Соңғы жылдары Қазақстанда есу спортын дамытуға, соның ішінде заманауи спорт инфрақұрылымын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркістанда салынған халықаралық деңгейдегі ескек есу каналы. 2025 жылы пайдалануға берілген кешеннің аумағы шамамен 100 гектарды, ұзындығы 2,2 шақырымнан асады. Заманауи нысан спортшылардың толыққанды жаттығуына.