2026 жылғы 12 шілдеде өткен Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

0

2026 жылғы 12 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Жамбыл ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 3703 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 2225 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 10 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны — 3.

Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Биримкулов Айдар Бекмуханбетович үшін сайлаушылардың — 1523 дауысы берілді,

Кумбашев Дамир Серикович үшін сайлаушылардың — 418 дауысы берілді,

Рахымжан Шеризат Сапарбайұлы үшін сайлаушылардың — 242 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 18.

Сайлау қорытындыларымен: Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Биримкулов Айдар Бекмуханбетович сайланды. 1987 жылы туған, Жамбыл ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Қордай ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны.

Қаракемер ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 2109 азамат енгізілді. Дауыс беруге — 1252 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 15 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны — 3.

Қаракемер ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Алиев Арман Манатович үшін сайлаушылардың — 914 дауысы берілді,

Райымбекова Альмира Жумабаевна үшін сайлаушылардың — 108 дауысы берілді,

Рахимбаев Галымжан Серикбаевич үшін сайлаушылардың — 183 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 29.

Сайлау қорытындыларымен: Қаракемер ауылдық округінің әкімі болып Алиев Арман Манатович сайланды. 1984 жылы туған, «Қызылсай» шаруа қожалығы басшысының орынбасары, Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны.

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.