Бір отбасы – бір таңдау: Кожабергеновтер Құрылтай сайлауында

0

Отбасы – қоғамның тірегі, ал өнегелі отбасының әрбір ісі кейінгі ұрпаққа үлгі. Степное ауылының тұрғындары, көпке сыйлы Кожабергеновтер әулеті де бүгінгі Құрылтай сайлауынан қалыс қалмай, отбасымен бірге сайлау учаскесіне келді. 40 жылдан астам уақыт бірге ғұмыр кешкен ерлі-зайыптылар үшін бұл – ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің көрінісі.
Степное ауылының тұрғындары, өңірге өнегелі әулет ретінде танылған Кожабергеновтер отбасы Құрылтай сайлауына бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасады.
40 жылдан астам уақыт отасқан ерлі-зайыптылар сайлау учаскесіне отбасымен келіп, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
Бірлік пен татулықты басты құндылық санайтын отбасы бүгінгі әрекетімен ел тағдырына бейжай қарамаудың, қоғамдық маңызды іске бірге атсалысудың үлгісін тағы бір мәрте көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.