ТАҒАЙЫНДАУ

0

Қордай ауданы әкімінің 2021 жылғы 26 шілдедегі № 204ө-ж/қ өкімімен

Сахатов Бахыт Онласынович

Жамбыл облысы  Қордай ауданы Қордай  ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  болып тағайындалды.

Сахатов Бахыт Онласынович 1981 жылы 1 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында дүниеге келген.

Ұлты — қазақ.

Білімі — жоғары.

2006 жылы Мәскеу кәсіпкерлік және құқық институтын қаржы және несие мамандығы бойынша, 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Қордай аудандық бөлімшесінде аға маман қызметінен бастаған.

2005-2011 жылдары Республикалық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай ауданы бөлімінде маман, сектор меңгерушісі, 2014-2017 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен  қамту орталығының директоры, 2017 жылдың тамызынан 2021 жылдың шілдесі аралығында Қордай ауданы Қордай ауылдық округінің әкімі  қызметтерін атқарған.

Үйленген, 5 бала тәрбиелеуде.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.