АСҚАҚТАЙ БЕР, ЕГЕМЕН ЕЛІМНІҢ АТА ЗАҢЫ

0

Бостандық пен тәуелсiздiктiң кепiлi, еліміздің әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзiне айналып отырған құнды құжат – Ата Заңымыз. 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні елімізде үлкен көлемде аталып өтетін мереке. Соның бір айғағы бүгін аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты шара.
«Асқақтай бер, егемен елімнің Ата Заңы» деп аталған шараға аудан басшылығы, аудан дамуына атсалысқан азаматтар, ақсақалдар алқасы мен ауыл тұрғындары қатысты. Алдымен сахна төріне әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін алып шығып, одан кейін жиналған қауым Әнұранды бірге шырқады. Аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің сахналық прологымен ашылған шарада елге еңбегі сіңген, қазіргі таңда ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып жүрген жандарға марапат ұсынылды. Жиналған қауымды аудан әкімі Мәден Мұсаев құттықтап, ізгі тілегін арнады.
-Осыдан 27 жыл бұрын жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған ҚР Конституциясы ел болып қалыптасуымызға, мемлекетіміздің экономикалық өрлеуіне өз үлесін қосты. Заман талабына сай мемлекет пен қоғамның, халықтың талап-тілектері мен сұранысының да сипаты өзгеруде. Осыны ескере отырып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ата Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс беріп, бұл ұсыныс барша қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты, — деген Мәден Тоқтарбайұлы Құрмет грамолары мен Алғыс хаттарды табыс етті.
Осыдан кейін мерекелік концерттік бағдарламаға кезек беріліп, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қарлығаш Қожағазина бастаған ауданымыздың өнерпаздары көрерменді тамаша көңіл күйге бөледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.