Аудандық мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатовтың құттықтауы

0

Барша мұсылман қауымын, аудан тұрғындарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Имандылықтың айнасы болып табылатын Құрбан айт ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының амандығын тілейтін, фәниден өткен ата-баба мен ағайын-туыстардың аруақтарына Құран бағыштап, жетім-жесірлер мен жоқ-жітікке мейірбандық танытатын, бір-біріне ізгі тілектер жолдап, ізгілік амалдарға шақыратын ұлық мереке.
Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекеттің туын тіккен кезден бастап имандылыққа бет бұрған қазақстандықтар қатары жылдан-жылға арта түсуде. Өзара сенімге негізделген ұлтаралық қатынастарды нығайту, қоғамдағы рухани келісім мен қазыналы құндылықтарды сақтау мемлекет идеологиясының басты бағдарына айналып отырғаны белгілі. Өйткені, жүрегінде иманы бар адам еш уақытта жаманшылыққа, өзгеге қиянат жасауға, біреуге зәбір көрсетуге, зорлық-зомбылыққа бармайды. Иірімі мол иман жолы қашан да адамзат баласын сабырлылыққа шақырады, төзімділікке үйретеді.
Сондай-ақ, биылғы Құрбан айт елімізде, бүкіл әлемде қатерлі індет өршіп тұрған кезге тұс келді. Қазіргі күрделі кезеңде әлемді жайлаған пандемияны жеңу үшін мемлекетімізде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Қабылданған барлық шешімдерге жауапкершілікпен қарап, еліміздің амандығын сабыр сақтап жаратқан Иемізден тілейік құрметті жерлестер. Ауруға шалдыққандардың өмірі үшін күн-түн демей арпалысып жатқан дәрігерлер қауымының, көмек пен қолдау танытып жатқан мемлекетіміздің, ауданымыздағы азаматтардың қайырымды істері шуақты болсын. Мереке күндері шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.