«ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ»

0

Жыл сайын еліміз 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнін тойлайды. Атаулы күннің мақсаты – отбасы мәртебесін көтеру, отбасы құндылықтарын, жанұя жарасымын насихаттау.

Осыған орай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қордай ауылының орталық саябағында 35 жасқа дейінгі жас отбасылар арасында «Отбасы – бақыт мекені» атты спорттық эстафета жарысы өткізілді. Жас отбасылар белсене қатысып, әр команданың ойыншылары қарсыластарын оза түсуге тырысып, өз командаларының беделін көтеруге атсалысты. Ойын өте қызықты, әрі көңілді өтті. Эстафеталық сайыстың қорытындысы бойынша, жүлделі I орынды «Жұлдыздар» отбасы иеленсе, II орынды «Сұлутөр» отбасы, III орынды «Барыс» отбасы жеңіп алды.
Жеңімпаз командалар «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің тарапынан бағалы сыйлықтармен, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.

А.КҮЛКІБАЙ, Жастарға қызмет көрсету бөлімінің инспекторы бизнес-тренер

Leave A Reply

Your email address will not be published.