Қордай аудандық мәслихат төрағасы Нұрдин САДЫҚОВТЫҢ 6 шілде – Елорда күнімен құттықтауы

0

Құрметті қордайлықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Елорда күнімен құттықтаймын!

  Біз бұл айтулы күнді үлкен мақтаныш сезімімен қарсы аламыз, өйткені, еңселі Елордамыз күннен-күнге көркейіп, өзгеріп, әдемі әрі жайлы болып келеді. Астана – мемлекетіміздің жаңғыруының символы, Қазақстанның символы, ел Тәуелсіздігі жылнамасының ең жарқын тарауы.

Бүгінде Астана бүкіл әлем таныған, тамсанған қазақ елінің тірегіне, өзекті мәселелер бойынша жаһандық диалог алаңына айналып отыр. Еліміздің бас қаласы  халықаралық «күн тәртібін» қалыптастыруға, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды саяси, экономикалық, гуманитарлық және бітімгершілік бастамаларға белсене атсалысады. Мұнда ірі мәдени және спорттық шаралар да жоғары деңгейде өтеді.

Құрметті жерлестер!

Тәуелсіздігіміздің тірегі, Отанымыздың жүрегіне айналған, алға нық сеніммен қадам басқан Астанамыз одан әрі көркейіп, Ұлы дала елінің абыройын асқақтата берсін.

Осынау қуанышты күні баршаңызға бейбітшілік, зор денсаулық, табыс, мейірімділік, амандық және туған еліңіздің игілігі жолында жаңа жетістіктер тілеймін

Leave A Reply

Your email address will not be published.