САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

0

2023 жылғы 27 шілдеде Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ауқатты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Ауқатты ауылдық округі әкімінің тікелей сайлауы алғаш рет өткізіліп отырғандықтан, тұрғындарға сайлау заңнамасының нормалары, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктемелер берілді.

 Ауылдық округ әкімдерін сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Әр сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылардың жеке басын куәландыратын құжатты ұсынғаннан кейін сайлаушылардың тізімдері негізінде сайлаушыларға берілуге тиіс. Барлық сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді. Кездесу қорытындысы бойынша Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев Ауқатты ауылдық округінің тұрғындарын азаматтық белсенділік танытуға, сайлау учаскесіне келіп дауыс беруге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.