ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНДА БАЙҚАУ ӨТТІ

0

Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз 1991 жылы өз егемендігін алған соң 1995 жылдың 30 тамызында Ата Заңымыз қабылданды. Сол уақыттан бері жыл сайын 30 тамыз –

мемлекеттік мереке Конституция күні аталып өтеді.  

Ата Заңымыз бен елдігіміздің белгісі — көк байрағымыз көкте желбіреп тұр, әнұранымыз әлемге шырқалып жүр, ал, елтаңбамыз азаттығымыздың символы ретінде танылып жүр.

Мемлекеттің барлық азаматтары – үлкендер де, балалар да — мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу – өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

Осы мереке қарсаңында аудандық мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығының мамандары және қызмет алушы балалардың қатысуымен «Ата Заң – айбыным!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Ғимараттың іші мереке тақырыбына сай безендіріліп, мамандар мен балалар эстетикалық талапқа сай киінді. Тәрбие сағаты мамандар және балалар болып екі топқа бөлініп жарыс түрінде өтті. Байқау төрт кезеңнен тұрды: 1-сайыс –«Таныстыру»,  2 сайыс – «Құрастыру»,   3-сайыс – «Безендіру»,  4-сайыс –  «Туған жер»  деп аталды.

«Таныстыру» кезеңінде екі команда өздерін таныстырып өтсе, екінші кезеңде Елтаңба, Ту, Ата заң кітабын құрастырды, үшінші кезеңде тудың бейнесін безендіріп, төртінші кезеңде қатысушылар туған жер тақырыбына сурет салды.  Әділ қазылар қай команданың суреті әдемі, ұқыпты сол бойынша бағалады.

Мерекелік шараға қатысқан орталық директоры Э.Мінісқұлова баршамызды айтулы күнмен құттықтады: «Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер»,-деп ізгі тілегін жеткізді.

 

Н.Жаманқұлова, Қордай аудандық мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығының әдіскері

Leave A Reply

Your email address will not be published.