АУДАН ӘКІМІ БЕГЗАТ БОЛАТБЕКОВТЫҢ РОЖДЕСТВО МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Рождество Христово мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!  Ұлттар арасындағы татулығы мен келісімі  бар елдің тірлігі де берекелі болады. Қазақстан – көп ұлтты әрі көп дінді ел. Ал Рождество мерекесі ғасырлар бойы ынтымақ пен ізгіліктің,

үндестік пен мейірімділіктің символы ретінде елімізде

жыл сайын атап өтіліп келеді. Бұл біздің тәуелсіз елімізді мекендеген көптеген этностардың арасындағы берік достықтың, толеранттықтың  айқын көрінісі деуге толық негіз бар. Рождество мерекесі православие христиандарының жүректеріне сенім ұялатып, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайтады. Көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанда әр дін бірдей құрметтеледі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, түрлі діни конфессиялар мен мемлекет арасындағы жемісті қарым-қатынасты қолдауға бағытталған салиқалы саясатының нәтижесінде біздің еліміздегі барлық діндер мен этностар өкілдерінің басын біріктіріп, олар татулықтың, тұрақтылық пен бірліктің берік негізіне айналып, Қазақстанның қарқынды дамуына септігін тигізуде.

Құрметті қордайлықтар!

Рождество мерекесі сіздер және отбасыларыңыз үшін  сыйластықтың, мейірімділік пен өзара түсіністіктің мерекесіне

айналсын! Ауданымыздың барлық православие

христиандарына, әрбір отбасыға шын жүректен жақсылық,

береке, зор денсаулық пен амандық тілеймін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.