АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ НҰРДИН САДЫҚОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Рождество мейрамымен құттықтаймын!

Бұл православие христиандарының күнтізбесіндегі ең басты әрі ерекше мереке. Адамдардың жүрегін үміт пен махаббатқа, қайырымдылық пен кешірімділікке толтыратын

Рождество мейрамын православиеліктер жаңа

өмірдің бастауымен, сенім мен үміттің артуымен

байланыстырады.  Қазақстанда православиелік қауым басқа конфессиялармен қатар мемлекет өміріне белсене қатысып, ел бірлігін, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогты нығайтуға сүбелі үлес қосуда. Тұрақтылық пен ауызбіршілік еліміздің тұрақты дамуының кепілі екені белгілі. Бүгін мемлекет алдында әрі қарай даму бойынша маңызды мәселелер тұр. Біз тек қана  күшімізді біріктіріп, қазақстандық бейбітшілік пен жасампаздық, өркендеу және даму үлгісінің

негізін бекітуге қолғабыс ете аламыз.

Осынау айтулы мереке күні Сіздерге ізгілік, мықты денсаулық пен бақыт тілеймін. Бейбіт еліміздің әр күні жаңа жетістіктерге, жағымды жаңалықтарға толы болғай!

Leave A Reply

Your email address will not be published.